МОЙЫНҚҰМДА «АУЛА ОЙЫНДАРЫ-2023» СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ

Мойынқұм ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орталық стадионда Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен «Аула ойындары-2023» спорттық фестивалінің аудандық ІІ кезеңі өткізілді.
«Аула ойындары-2023» спорттық фестиваліне спорттың 5-түрінен (қалашық, ләңгі, асық ату, секірмек, орта доп) ауданның 15-ауылдық округінен 300-ден астам спортшылар қатысты.
♦Фестиваль қортындысы бойынша жалпы командалық І-орынды: Бірлік, ІІ-орынды Шығанақ, ІІІ-орынды Хантау ауылдық округтерінің командалары иеленді. Жеңіске жеткен командалар арнайы марапат қағаздарымен және медальдармен марапатталды.