Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні басқарма басшысы Мойынқұм ауданында бірқатар жер телімдерін аралады.
Әуелі жаңадан бой көтеріп жатқан Жанармай бекетінің құрылысымен танысты. Құрылыс нысаны арнайы инвесторлардың тартылуымен жүзеге аспақ.
Аумағы 13,0 гектар болатын бұл нысанның құрылысы биыл басталмақ. Сонымен қоса, ауданның игерілген жер телімдері мен ауылдық округтердің жер мәселелері бойынша алдағы атқарылып жатқан жұмыс жоспарларымен танысты.
Іс-сапар аясында, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар сұрақтарын қарап, ауданның жер бөлімі басшылығына ұсынымдар мен тиісті тапсырмалар берілді.