Мойынқұм ауданында шектеу шаралары күшейтілді

Мойынқұм ауданы әкімінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 148 өкімімен «Карантин режимін бұзудың алдын алу, оны анықтау, жеке және заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту және карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарға тексерулер (мониторинг) жүргізетін 4 ші мобилдік топ Жамбыл, Қылышбай, Қарабөгет ауылдарында рейдтік жұмыстар  жүргізді.
Рейдтік жұмыстар  барысында кәсіпкерлерді Жамбыл облыстық бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 31 шілдесіндегі «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» номері 9 қаулысымен таныстырды. Сондай ақ зерделенген 7 кәсіпкерлік нысанның 2-інде санитарлық талаптар сақталмағандығы анықталып, аталған 2 нысанға хаттама толтырылды.

 

 

Д.Алтамашев, аудандық мониторинг топ мүшесі