МОЙЫНҚҰМДА МҮМКІНДІК КӨП
Аудандардағы білім мекемелеріне жұмыс сапарым Мойынқұм ауданымен жалғасты. Мойынқұм ауданындағы басқармаға қарасты бірқатар білім ошақтарын араладым.
Аудандық білім нысандарын арламас бұрын, әуелі аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековпен кездестім.
Аудандық білім ошақтарын аралауды Айдарлы ауылындағы «Балапан» балабақшасынан бастадым.
Сонымен қатар, аталған ауылда орналасқан №2 мектепке бардым. Оқушыларымен кездесіп, сабақтары жайлы тілдестім.
Мойынқұм ауданында орналасқан Жамбыл Жамбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі, Жұмабаев атындағы мектеп-лицейдің ұжымымен кездестім. Ұстаздарымен пікір алмасып, оқу процесін талқыладық.
Жалпы Мойынқұм ауданының білім ошақтарында оқушыларға сапалы білім беру үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудандағы білім беру саласын әрі қарай дамыту мақсатында болашақта ұстаздармен қажырлы еңбек ететін боламыз.