Мойынқұмдықтар асарлатын үй салуда

«Көп түкірсе — көл», «Жұмыла көтерген — жүк жеңіл» деп, елдің бірігуі арқылы, мұқтаж жандарға көмек созуды ертеден  ілкімді іс санаған.

Осыған орай «Асарлатып үй салу » жобасы бойынша Мойынқұм ауылының тұрғыны, көпбалалы ана М.Сарсембекованың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, баспанасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мойынқұм ауданының  әкімі Ә.Балқыбеков және орынбасарлары Ж.Исақов, С.Төлегенов, Е.Әмірханов бастап, аппарат, округ әкімдігі, мекеме, бөлім қызметкерлерін ұйымдастырып фундаменттін құйуды бастап кетті.

Негізінен асарлатып салынып жатқан үйлер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің демеушілігі, ақсақалдар мен жастардың және округ әкімінің көмегімен жүргізілуде.