МОЙЫНҰМДЫҚТАР ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Мойынқұм ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын әнші Ерлан мен Гүлднаның орындауында «Әдемі» әні түрді.

Бағдарлама «Кеш деме», «Ғашықсыңба», «Мойынқұм вальсі», «Қазақ жігіт», «Адай күйі», «Жылтыр көйлек», «Бойжеткен», «Лола», «Жүрегім», «Ғашығым», «Жалғандағы жан гүлім», «Біздің ностальгия», «Асыл жаным-ай», «Ақ бақытым», «Өзгеше биле», «Ностальгия» т.б әндерге ұласты.

Концерт соңы барша Мәдениет үйінің әншілерінің орындауында «Мақтанайық» әнімен аяқталды.