М Балаларға базарлық «Мөлдір бұлақ» лагері – бақыт мекені

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырған болатын.

Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып  осы жылдың тамыз айының басында  ашылған белгілі.. Бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған облыстардың ішінде Әулиеата өңірі бірінші болып «Президент үйін» оқушылардың  сауықтыру  орлығына айналдырып отыр.

Жамбылдық балдырғандардың игілігіне берілген орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.

 

«Мөлдір бұлақтан- Мөлдір бұлаққа»..

Ашылғанда апта өтпей «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына республикалық ақпарат құралдары ішінен алғашқы болып «Мөлдір бұлақ» балалар журналы ат басын бұрды. Басылым басшысы «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы орталық басшылығымен және ондағы демалып жатқан оқушылармен жүздесіп, дөңгелек үстел басында емен-жарқын әңгімелесті. Сол кездесуде Сәуле Мешітбайқызы мен орталық директорының міндетін атқарушы Салтанат Құрманова орталық пен балалар журналының арасындағы әріптестік байланысты қалыптастырып, нығайта түсу үшін алдағы уақытта екіжақты меморандумға қол қою туралы уағдаласты.
Лагерь жайлы кең көлемді материалымызды республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының алдағы санынан оқи аласыздар.

Жасұлан Сейілхан

Жасұлан Сейілхан