Мұқағали Мақатаев:» Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет»…

Бойында бір тамшы таланты жоқ бола тұра, талантты әдебиетшілердің қатарында тұрғысы келгендер ақымақ емес, өз шығармашылығын бүгінгі күнмен және өзінің ұранды патриотизімімен өлшейтін, сөйте тұрып, әдебиетте қалғысы келетіндер — ақымақ. Үнемі іздеп жүретін және ылғи әдебиеттегі «бос орынды» тауып ала қоятындар ақымақ. Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз рөл атқарды. Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. Олар, әрине, «борозданы бүлдірмейді». Осы күнгі ережелер оларды толық қанағаттандырады. Рұқсатпен жазады, жұмыс істейді, тамақ ішеді және жүріп-тұрады. Олар тәртіпті. Өйтпегенде ше, талант буырқанса, ол өз жолымен қозғалғысы келеді және жолдан шығып кетіп, бірдемені бүлдіріп те алады, сондайда құлдар аяқ асты табыла кетеді. Ұятсыздар, олар таланттың орнын баса қоюға дап-дайын және қарасаңызшы, «орнын басады да». Орынға отырады да, таланттардың үстінен бұйыра бастайды.
О, қандай күйінішті! Одан өткен күйініш болмайды…

Мұқағали МАҚАТАЕВ

1 қазан 1974 жыл