МҰҚТАР ШАХАНОВ — ШАЙҚОРЫҚ АУЫЛЫНДА

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың қатысуымен Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында «Игілікке шақырған ауыл тұрғындары» атты форум өтті.

Форумның мақсаты — дара тұлғаның өмір жолын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, жастарды отаншылдыққа баулы болып табылады.

Форум барысында М.Шаханов ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл азаматтарымен жолығып, арнайы қойылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сондай-ақ тіл жанашыры өзінің өлең шумақтарын оқыды.

Игілікті іс-шараға мұрындық болған «Ar Rashid ruhaniat» қоғамдық бірлестігі жергілікті әкімдікпен бірлесіп, тұрғындарға дастархан жайып, түрлі турнирлер ұйымдастырды.

Ақынның 80 жас мерейтойына арналған форум жоғары деңгейде өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, АМАНАТ партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов, облыс әкімінің кеңесшісі Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы және аудан басшылары қатысты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі