МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ

 

2020 жылы өңірдегі ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша 148 рұқсатсыз төгілген қоқыс орындарының 48-і Мұнайлы ауданына тиесілі. Соның ішінде 9 орын тұрмыстық қатты қалдық қабылдайтын ескі полиган аумағында ораналасқандығы анықталды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалық айтты.

«Баянды ауылында 7, Қызылтөбе ауылдық округінде 17, Батырда 3, Дәулет ауылында 4, Басқұдықта 17, барлығы 48 қоқыс орны бар. Алдағы уақытта аталған орындарды тазалау ауылдық елді мекендердің санитария тазалығы есебінен жүргізілетін болады. Санитария қызметінің мемлекеттік сатып алу конкурстары дер кезінде жарияланып, казіргі таңда мердігерді анықтау шаралары аяқталып тиісті келісім-шарттары жасақталған болатын. Алайда Қызылтөбе ауылының жасақталған келісім-шарты ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы негізінде заңсыз деп танылып, бір тараптан тоқтатылып, конкурс қайта жарияланды», — деді ол.

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы шешімімен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту қызметі бойынша тариф құны бекітілді.

Жек тұлғалар үшін – 195,90 теңге;

Заңды тұлғалар үшін 2500 теңге;

Мұнайлы ауданы бойынша ТҚҚ контейнерлерге қажеттілік саны 4084 дана. Өткен жылы 1724 дана контейнер орнатылды. Бұл қажеттіліктің 43 пайызы қамтамасыз етті.

«Әлеуметтік желіде қоқыстардың шығарылмауы жөнінде шағымдар көп болған. Оның себебі тұрғындармен ТҚҚ шығаруға келісім-шартқа отырып алып, өзінің міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған мекемелерден болды. Казіргі таңда, осындай өз ісіне немқұрайлы қарайтын мекемелер аудан аумағыннан аластатылып жаңа мекемелер тізімі жасақталды», — деді Б. Әбдіхалық.

Аудан аумағында ТҚҚ шығаратын

жаңа мекемелер тізімі:

№ Ауыл округтер Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарушы мекеме

1 Маңғыстау ауылы «ЭкоЛогистик Мангистау» ЖШС

2 Қызылтөбе ауылдық округі «Атамекен Тазалық» ЖШС

3 Дәулет ауылдық округі «Мұнайлы қызмет» ЖШС

4 Батыр ауылдық округі «Мұнайлы қызмет» ЖШС

5 Атамекен ауылдық округі «Мұнайлы қызмет» ЖШС

6 Басқұдық ауылдық округі «Мұнайлы қызмет» ЖШС

7 Баянды ауылы «Атамекен Тазалық» ЖШС

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ