Мұсылманның білуге тиіс сөздері
1. «Биссмилләһ!» —
«Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.
2. «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» —
«Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.
3. «Аллаһу Акбар» —
«Алла Ұлық» — Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.
4. «Субханналаһ» —
«Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.
5. «Әлхамдулилләһ» —
«Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.
6. «Ма ша Аллаһ» –
«Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады. Қазақтың «Бәрекелді» дегеніне мағыналас сөз.
7.«Ин ша Аллаһ»
– «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.
8. «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил».
– «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.
9. «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим».—
«Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» — деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.
10. «Астағфируллаһ»
– «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.
11. «Аллаху Мустаан» —
«Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.
12. «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» —
«Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.
13. «Әмин» –
«Дұғамызды қабыл ете гөр»
14. «Баракаллаху фика» –
«Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады.
15.«Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» –
«Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.