Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Әлеуметтік қызмет көрсету» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызмет туралы
Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығы негізінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуде.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен көмек беру жүйесіне қатысушыларға интернет желісінде дәйекті және өзекті ақпараттың жалғыз қөзі болып табылады.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу:
*Әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін қысқарту;
*Қызметтер түрін және қызмет берушілерді таңдау құқығын іске асыру;
*Қызметтер берушілерді анықтау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен шығару есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;
*Қызмет берушілер арасында адал бәсекелі ортаны қалыптастыру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту;
*Шағын және орта бизнесін (санаторий-курорттық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтаы, техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарын берушілер) дамытуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызметтер алушыларды мен берушілер (арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) оңалтудың техникалық құралдарын өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен мамандар) бірыңғай ақпараттық алаңында біріктіріп, сапалы қызметтерге бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы келесі көмектерді алуға болады:
1.арнаулы әлеуметтік көмек
2.оңалтудың техникалық құралдарын
3.мамандандырылған ымдау тілі қызметін
4.жеке көмекші қызметін
5.санаторлық-курорттық ем
Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар міндетті түрде:
- электронды-цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етулері қажет.
(18 жасқа толмаған мүгедек балалар ата-анасы немесе қамқоршысы атынан жеке тұлға атынан және үкіметтік емес ұйымдар мүгедектер қоғамдық бірлестіктер заңды тұлға атынан.)
- арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай «Портал» ААЖ-сіне тіркелулері қажет.
Қызмет алушылар порталды дербес немесе жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің (ЖАО) және «Азаматтарға арналған үкімет» МК мамандарының көмегімен пайдалана алады.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылған, егер портал тұтынушысы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде үстеме төлеу мүмкіндігі қосымша қарастырылады.
Осы енгізілген өзгерістер бойынша ауылдық округ мамандарымен семинар-кеңес өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 8 (726-37) 2-17-99; 2-23-67 қызметтік телефон номеріне хабарласуларыңызға болады.