Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында 2021-2025 жылдары 107 мекемеге мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп тұруы үшін бейімдеу жұмысын жүргізу жоспары бекітілді. Ағымдағы жылға 21 нысанда бейімдеу жұмысы жоспарланды және аталған мәселе ағымдағы жылдың ауданның әлеуметтік экономикалық даму бойынша көрсеткіштерінде де бекітілген.
Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру үшін 21 мекемеге (білім саласы бойынша – 8 мекеме; дене шынықтыру және спорт саласы бойынша – 3 мекеме; денсаулық саласы бойынша – 5 мекеме; мемлекеттік мекемелер бойынша – 5 мекеме) зерделеу жұмыстары жүргізілді, зерделеу нәтижесінде көрсетілген кемшіліктерді ағымдағы жылдың III тоқсанында толық жойылуына тиіс.