МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің конференция залында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылардың тәжірибелерін тарату мақсатында «Мұражай педагогикасы әдістемесі бойынша эстондық білім беру философиясы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, музей және кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар аясында музейлік инклюзия әдістері көрсетілді. Білімді функционалды қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық сияқты дағдыларды дамытуға негіз болатын музей сабақтары құрылуының нәтижелері көрсетілді. Семинарда облыстық музей директорының орынбасары З.Дүкенбаева аталған тақырып бойынша баяндама жасады.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі