«Музей түні» туралы не білеміз?

Бүгін – халықаралық музейлер күні. Бұл атаулы күн Халықаралық музейлер кеңесінің Мәскеу мен Ленинградта өткен конференциядағы ұсыныстары негізінде 1977 жылдан бері атап өтіліп келеді.  

— Музей күнін әлемнің 150-ден астам мемлекеті мереке ретінде атап өтеді. 
— Бұл күні барлық музейлерде «Музей түні» шарасы аталып өтіледі. 
— Қазақстанда қазіргі уақытта 230-дан астам музей бар. 
— Еліміздегі 230-дан астам музейде 48 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. 
— Қазақстандағы алғашқы музейлік бастаманы 1823 жылы Жәңгір хан көтерген. Сол жылы өз ордасында музейлік көрме залын ашты. Бірақ Жәңгір ханның бұл бастамасы музей ретінде танылмады.
— Ресми түрде Қазақстандағы алғашқы музей 1831 жылы 1 сәуірде Орынборда ашылды. Кейін 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда, 1859 жылы Оралда ашылды. Жалпы, революцияға дейін Қазақстанда осындай 4 музей болды.
Революциядан кейін 1920 жылы Қостанай мен Көкшетауда музей ашылды.
— Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанда 24 музей болды. Онда 70 мыңнан астам жәдігер сақталды. 
— Кеңестік Қазақстандағы музей ісінің дамуына Г.Потанин, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков зор үлес қосты.
— Қазақстанда «музейтану» мамандығы 1981 жылдан бері (ҚазМУ) оқытылып келеді. 
— Музей түнін өткізу идеясы ең алғаш рет 1970 жылдары ұсынылды. Бірақ, идея қолдау таппай 1997 жылға дейін бұл шара өткізілмеді. 
— Әлем бойынша бұл идеяны алғаш рет 1997 жылы Германия «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізді. Берлинде өткен шараға ресми Париж қызығушылық білдіріп, 2001 жылы Луврда музей түнін өткізді.
Қазақстандағы алғашқы музей түні 2006 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейде өтті. 
— Әлемдегі музейлердің қызметі Халықаралық ИКОМ-ға бағынышты. ИКОМ (International Council of Museums, ағылшын. ICOM) 1946 жылы Парижде құрылды.

 Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

kazmuseum.kz