Музейге сый тарту

Аудандық тарихи-өлкетану музейі өзінде сақтаулы тұрған жәдігерлер қатарын толықтыру мақсатында жыл сайынғы «Музейге сый тарту» акциясын жариялайды. Шара мақсаты — ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудартып, ел ішінде елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың танымал тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтау және көпшілік назарына ұсыну.

Акция үстіміздегі жылдың 15 маусымы мен 15 тамыз аралығында өтеді. Осы мерзім аралығында аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан мен ауылдық округ тұрғындарынан ел тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін жәдігерлерді қабылдайды. Музей үшін көне заманнан келе жатқан, ата-бабамыздан қалған жәдігерлер, еліне еңбегі сіңген азаматтардың құжаттары мен суреттері, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен жалпы этнографиялық заттар және т.б. да құнды болмақ.

Құрметті оқырман, ата-баба мұрасы музей төрінен орын алсын десеңіз,  «Музейге сый тарту» акциясына қатысыңыз! Сіздің отбасы үшін қымбат, көненің көзі болып отырған затыңыз музейде ұлттық құндылыққа айналары сөзсіз!

«Музейге сый тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға алдын ала алғысымызды білдіре отырып, мына мекенжай бойынша шақырамыз: Қордай ауылы, Қазыбек би көшесі №12. Жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында, есігіміз әрдайым ашық. Байланыс телефоны: 4-53-84

А.ҚЫЗЫРОВА,

Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері