Мықты қуат беретін 4 таңғы ас
Таңертең керуеттен тұрып, сабаққа немесе жұмысқа барғыңыз келмейтін кездер болады. Ондай кезде тек қана кофе емес, таңғы ас та пайдалы. Сондықтан бүгін біз сіздерге көңіл-күйіңізді көтеріп, мықты күш беретін тамаша таңғы ас түрлерін ұсынғалы отырмыз.
1. Құймақ
Ингредиенттер:
- 2 стақан ұн;
- 1/2 шай қасық қопсытқыш;
- 2 шай қасық тұз;
- 1,5 шай қасық даршын;
- 2 шай қасық қант;
- 2 жұмыртқа;
- 2 стақан майы алынған сүт;
- 1 шай қасық ваниль.
Дайындау жолы:
Барлық құрғақ ингредиентті араластырып, жұмыртқа мен сүт қосыңыз. Сосын сұйық қамырды табаға құйып, қалаған жеміс-жидегіңізді қоса аласыз. Шамамен 20-30 минут 180 °C-та пісірсеңіз, дәмі тіл үйіретін құймақ шығады.
2. Алма және даршын қосылған сүзбе
Ингредиенттер:
- 3/4 стақан майы алынған сүзбе;
- 1 алма;
- 1/4 шай қасық даршын.
Дайындау жолы:
Тәрелкеге сүзбе мен кесілген алманы салып, үстіне даршын себіңіз.
3. Ыстық бутерброд
Ингредиенттер:
- Бөлке;
- 50 г саумалдық;
- қызанақ;
- 1 қатты піскен және көлденеңнен кесілген жұмыртқа;
- 1 ас қасық майонез.
Дайындалу жолы:
Бөлкені ысытып, екіге бөліп, саумалдық пен қызанақты және майонез бен жұмыртқаны саласыз. Ал үстіне өзіңізге ұнайтын дәмдеуіш құралдарды қосуға болады.
4. Банан мен сұлыдан жасалған смузи
Ингредиенттер:
50 г сұлы қауызы;
100 г майы алынған йогурт;
1 банан;
100 г майы алынған сүт;
2 шай қасық бал.
Дайындалу жолы:
Жоғарыда айтылған ингредиенттердің бәрін блендерде араластырсаңыз болғаны.
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/aielder-bolimi/myqty-quat-beretin-4-tangy-as-172/