Мың құпиясы бар меновазин
Меновазин әр отбасының дәрі қобдишасында бар, бірақ оны қалай дұрыс пайдалану керектігін көбі біле бермейді. Сондықтан кез келген дәріханадан табылатын, бәріне қолжетімді бағадағы дәріні қолдануда пайдалы кеңестер ұсынбақпыз.
— Радикулит кезінде мойынды, желке тұсын, омыртқаны майлаңыз. Бұл дертіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде денеңізді майлай отырып, буындардағы тұздардың шөгуін толық емдеуге болады.
— Жүрек ауырғанда, бас ауруы, тіс мазаласа, құлақтың айналасын күніне 2 рет майлау керек.
— Аяқтарыңыз ауырып, мүлдем көтере алмайтындай болсаңыз, күніне 1 мезгіл табан мен тізелеріңізді майлаңыз. Нәтиже керемет болады.
— Меновазин құлақ ішіндегі құлықты тоқтатып, ауырсынуды және қабынуды жояды.
— Безеуге миникопресс жасаған (мақтаға меновазин сіңіріп, кішкене саусақпен қысасыз), оның көмегімен банкаларды қойып, дезинфекциялауға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
— Егер бас ауруы мазалап жүрген болса, меновазинді шекеңіз бен самайыңызға жағыңыз. Әсері бірден байқалады.
— Меновазин геморройға да көмектеседі. Таңертең жуынып болған соң, сұқ саусағыңызға бинт орап алыңыз. Оны «Меновазинаға» батырып, тік ішекті бір «сүртіп» майлап шығасыз. Қатты ауырады, бірақ шыдамдылық қажет. Осы процедураны 5 рет қайталағаннан кейін геморройды мәңгіге ұмытасыз.
-Сүт безінде ауырсынуды, шаншуды сезсеңіз, ауырған жерді дереу осы препаратпен сүртіңіз. Ауырсыну тез басылып, қабыну жойылады. Онкологиялық аурулар кезінде қолдануға болмайды!
— Суық тиіп, жөтел мазаласа, денеңізді меновазинмен сүртіңіз. Арқа мен кеудені аталған препаратпен сылап, кейін бірден жылы орамал немесе жүн свитерді киіңіз де, жылы төсекке жатыңыз. 2-3 рет жасау арқылы жөтелден құтылуға болады және сіз қайта ауырып қалмайтын боласыз. Егер сізде ангина басталса, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерден басқа, меновазинмен тамақ аймағын сүртіңіз, жылы оранып жатыңыз. Ал мұрын бітеліп жатса, алдымен бір мұрын тесігін жауып иіскеп, содан кейін басқасын жауып, қайталайсыз.
— Еріндегі герпес. Мақта дискісін меновазин ерітіндісіне малып алып, ауру аймағына басып тұрыңыз. Герпестің орнына меновазин жақпа майын жағуға да болады.
— Құлақ ауруы. Мақтаны спиртті ерітіндімен сулап, құлаққа күніне 2 рет 15-20 минутқа жағыңыз.
— Венаның варикозды кеңеюі кезінде меновазинді пайдалану аяқтағы ауырсыну мен ауырлық сезімін жояды, ісінуді азайтады. Ерітіндіні табаннан жоғары қарай жеңіл қозғалыстармен жағу қажет.
— Егер сіз ұйқысыздықтан зардап шегетін болсаңыз, меновазиннің спирттік ерітіндісінде мақта тампонын сулап, желкені, құлақтан құлаққа дейін сүртіп шығу жеткілікті. Ешқандай ұйықтататын препараттардың көмегінсіз-ақ тыныш ұйықтайсыз.
— Гайморитте меновазинді ауырсыну белгілері мен ісінуді басу үшін қолданады. Аурудың көзі – инфекция, оған препарат әсер етпейді. Бастапқы симптомдарды, ісіну және ауырсынуды жою үшін сұйықтықтың аз мөлшерін гаймор қуысына жағып, жеңіл массаж жасау керек. Меновазиннің әрекетін күшейту үшін бұл аймақты жұқа матамен жабуға болады. Немесе бинт пайдалана аласыз. Әсерді күшейту үшін, маңдайға және самайға жағады.
Ақнұр АСЫЛБЕК.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)