Мына дұғаны оқыған кісіні Алла Дәжжәлдан қорғайды

199 — Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кәһф сүресінің алғашқы он аятын жаттаған кісі дәжжәлдан сақталады». «Сол сияқты әр намазда сәлем беруден алдын Дәжжәлдың ылаңынан Аллаһқа сыйыну жолымен де Дәжжалдан сақтануға болады». (55-дұғаны оқыңыз)

Кәһф сүресінің алғашқы 10 аяты

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барлық мақтау құлына (Мұхаммед Ғ.С. ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады. (1)

Өте түзу Құран; Алланың қасынан; Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (түсірілді). (2)

Олар, онда (жаннатта) мәңгі тұрады. (3)

Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін (түсірді). (4)

(Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың. (6)

Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық. (7)

Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз. (8)

(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (9)

Сонау заманда жігіттер үнгірге бекінді де: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді. (10)

55-дұға

Ей, Аллаһ! Қабір азабынан, жәһәннәм азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсіх Дәжжәл жамандығының кесірінен сақта деп Өзіңе сыйынамын.