Н.Назарбев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметі: «Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделгенін атап өтіп, оны әрі қарай табысты дамытудың маңыздылығына назар аударып: «Сіздер бізді халықаралық аренада да, экономикада да әрдайым қолдап келесіздер. Осы жылдар ішінде сіздермен достық қарым-қатынас орнаттық.

Қазақстанға ерекше көңіл бөліп отырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», – деді. Қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Мұсылман елдері арасында заманауи технологияларды дамыту жағынан Біріккен Араб Әмірліктері көш бастаушылардың бірінен саналады. «Болашақтағы өзгеріске сай боламын десең, бүгін өзің өзгер» деген дана сөз бар.

Сіздер сол жолдан таймай келесіздер», – деді. Екі жақты байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөліне тоқталған Абу-Дабидің тақ мұрагері: «Біз көп нәрсені сіздерден үйреніп келеміз. Сіздің реформаларыңыз уақыт талабына сай жүргізілуде. Қазақстан Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты дамып келеді», – деді. Келіссөздер барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.

 

Ермек Сахариев