Н.Нығматуллин Қарағанды халқын облыстың 80 жылдығымен құттықтады

Биыл қойнауы кенге толы, халыққа жылу сыйлаған көмірімен қадірлі Қарағанды облысына 80 жыл. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қатар тойланып жатқан бұл мерекемен қарағандылықтарды ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин құттықтаған болатын. Оның құттықтау хатының мәтіні төмендегідей:

«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары. Тәуелсіз Қазақстанымыздың қазыналы өлкесі, сөз бастаған шешендер мен ел бастаған батыр бабаларымыздың туған жері. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек және саяси отаны. Қасиетті де киелі Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойы құтты болсын! Сонау 1936 жылдан бастап, ресми түрде Қарағанды облысы атауына ие болған еліміздегі ең ірі орталықтың мәртебелі мерейтойы егемен еліміздің 25 жылдығы қарсаңында салтанатты түрде аталып өтуде.

Бұл тек Қарағанды облысы азаматтарының ғана емес, бүкіл халқымыздың барша қазақстандықтардың ерекше мақтанышы. Себебі арғы тарихы тереңнен басталатын Қарағанды аймағы атақты билер мен батырларымыз Тәттімбет, Ықлас, Әсет, Мәдидей әнші-күйшілер. Сәкен, Қасымдай ақын, жазушы 447e3a37-e14e-4d81-9b38-192279b58342_w987_r1_sбабаларымыз. Әлихан, Жақыптай арыстарымыз дүниеге келген тарихи жер. Сонымен бірге аз уақыттың ішінде тәуелсіз қазақ елін дүниежүзіне танытқан өнегелі басшы, әлемдік саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының еңбек жолы мен саяси батыл қадамы басталған қадірлі мекен және осы қазыналы облыстың көптеген саяси тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламентінің бірнеше депутаттары шықты. Бүгінгі күні Сарыарқаның кең даласында миллионнан астам халқымыз, жүзден астам басқа этнос өкілдері ынтымағы жарасып, бақытты өмір сүріп келеді. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бай тарихымен және Президентіміздің салиқалы саясатымен ерекше қолданылуы арқасында заман талабына сай өсіп-өркендеп, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық әл-қуаты бойынша Қазақстанда алдыңғы қатарда тұратын ірі индустриялық орталыққа айналды. Осындай қасиетті мекенде дүниеге келіп, білім алып, осы
жерде еңбек еткенім мен үшін шексіз мақтаныш, биік мәртебе, зор абырой.

Қадірлі облыс тұрғындары, баршаңызға ортақ еліміздің мерекесімен тағы да шың жүректен құттықтай отырып, халқымызға амандық, елімізге тыныштық, берекебірлік, тұрақтылық тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Парламенті

мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин