Нұр — Сұлтан қаласының кəсіпкері Арыс қаласының көмек қорына 5 млн. теңге көлемінде қаражат аударды!
Жұртты дүр сілкіндірген Арыс қасіреті ешкімді бейтарап қалдырмады. Барлық қазақстандықтар қасірет аймағы халқына көмек қолдарын созды! Солардың бірі Нұр — Сұлтан қаласының тұрғыны, танымал қоғам қайраткері, белгілі кəсіпкер Ерлан Нығматулин жеке қаражатынан Арыс қаласының көмек қорына 5 млн. теңге көлемінде қаражат аударды! Сонымен бірге өзі акционер болып отырған » Сарыарқа Нан», «Балхаш Нан», «Казкарбон» жəне » YDD Corporation» мекемелері қызметкерлері Арыстық жапа шеккендерге бір күндік еңбек табысын аударды.
Ерлан Нығматулин ҚР Парламенті Мəжілісінің , ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.