Нұр-Сұлтанда мұсылмандар қауымы үшін тегін автобустар қатынайтын болады
Тегін автобустар тарауих-намазы аяқталғаннан кейін мешіттерден бірнеше бағытта қатынайтын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қоғамдық көліктер Рамазан айына байланысты мұсылман қауымы үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. «Біз мұсылман қауымының көбі тарауих-намазын мешіттерде оқитынын білеміз. Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз тарауих-намазы аяқталғаннан кейін мешіттерден бірнеше бағытта қатынайтын тегін автобустарды ұйымдастырамыз», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында. Автобустар келесі бағыттар бойынша қатынайтын болады: «Әзірет Сұлтан» мешіті («Спутник» супермаркеті, т/ж вокзалы, Көктал 1, 2 т/а), «Нұр Астана» мешіті (Көктал 1, 2 т/а, вокзал, мед.колледжі); Ырыскелді қажы мешіті («Үркер» т/а); «С. Ғылмани» мешіті (Көктал 1 т/а, «Кирпичный» т/а»); «Ақмешіт» мешіті («Мастер» Т/О).
- Ішкі саясат басқармасы Баспассөз