НАҒЫЗ ӘРТІС ЕКЕН…

Атақты режиссер Станиславский бірде оқушыларына тапсырма беріпті.
-Сендердің ақшаларың сақтаулы ,,Император Банкі» өртеніп жатыр. Соны этюд қылып көрсетіңдер.
Содан студенттердің бірі ойбайлап, шашын жұлып жатыр дейді.
Бірі шелекпен су тасып, сөндірген көріністі көрсетіп, тағы біреулері құлап тыпырлап жатыр дейді.
Тек Василий Иванович КАЧАЛОВ ғана бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып жайбарақат отырған көрінеді.
Станиславский айқайлаған ғо: -Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың?- деп.
-Қатысып отырмын, Константин Сергеевич.
-Онда неге Банк өртеніп жатқанда спокойно отырсың?
Сонда Качалов:
-Менің Император Банкінде ақшам жоқ, кредиттерім бар,-деген екен.
Фарида Адигамова
В.И.Качалов.
Кредитіңіз жоқ болсын,
Көңілдерің тоқ болсын…………………