Намаз оқушының тоғыз қасиеті

Хазіреті Осман (р.а.) бірде былай деді: «Кімде-кім бес уақыт намазды уақытында оқып, оны қалдырмай жүрсе, Алла Тағала оған тоғыз түрлі қасиет береді.  Ол тоғыз қасиет мыналар:

1-    Алла Тағала оны жақсы көреді.

2-    Денесі сау болады.

3-    Оны періштелер қорғайды.

4-    Үйіне құт-береке кіреді.

5-    Жүзінде салиқалық сипат – нұр болады.

6-    Оның жүрегін ерекше жұмсартады.

7-    Қиямет күні қылкөпірден жарқ еткен найзағайдың жылдамдығындай тез өтетін болады.

8-    Тозақтан қашық тұрады.

9-    Қорқыныш пен қасіретке ұшырамайтын пенделердің қатарына қосады».

Имам Хафиз Әбул-Фадл Ахмад ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани