Намыс✍️

Бір күні ағасы қарындасына

:»- Қарындасым сен менің намысымсын! Үнемі жаныңда бірге журе бермеймін. Бірақ екі күзетшіге тапсырамын, қайда барсаңда солармен бар, оларсыз жүруші болма, олар сенің қорғаның «- деген екен.
Қарындасы » Қайда күзетші «- деп сұрағанда,
«-Ар мен Ұят» деген көрінбейтін екі күзетші жүреді. Жаныңнан сол екеуін тастамасаң ұтылмайсың. Жаныңда сол екеуі жүргенде кез-келгенің көзіне тіке қарай аласың, Жаныңда сол екеуі жүргенде ғана сен еліңнің жеріңнің абыройын қорғай аласың еркем деген екен.

НАМЫС…

Қалмақтар қазақ қыздарының мойнына қылбығау салып, бұрымдарын ер тұрманына байлап тұтқындап бара жатқанда Бөгенбай батыр мен жанындағы қазақ жауынгерлері торуылдап отырған еді.
«Елім-ай » лап зарлаған қазақ қыздарының шерлі үнін естіген қазақ жігіттері, көздеріндегі кекке толы жастарын сүртіп, тістерін қайрап бұйрық бергенше тағат таппады.
Бөгенбай батыр қолын көтергенде бар жоғы 500 сарбаз, қалмақтың 3000 мың қолын жапырып өтті.
Бір қазақ жігіті, он қалмаққа татыды. Сарбаздардың мұндай жанқиярлығы бойдағы жігіттік намыс, қазақ қыздарының ар-ожданы мен ұлтының келешегін ойлаудан туындаған ерлік еді.
Ғабит Сазанбайтегі.