Нәпсі
Бірде бұ жалғаннан баз кешкен бір данадан сұрапты:
— жаһаннан жырақтап, жалғыз өмір сүру жалықтырмады ма, сізді?
— …жоға, шаруам шаш етектен: қос қыран мен сұңқарларымды қомдаймын, қос қоянымды тыныштандырам, жыланымды жаттықтырам, есегіме ес кіргізіп, арыстанымның аптығын басудан босамаймын,- депті.
— тәптіштеп айтқан тіршілік иелерінің бірін де көріп тұрғам жоқ, жаныңыздан. Қайда олар?
— олардың бәрі біздің ішкі болмысымызда,- дейді данагөй.
Қос қыраным жақсы мен жаманды қатар көреді, сол екеуін шатастырмай, дұрысын дәп тануға үйретем. Қыран дегенім- қос жанарым-көздерім.
Екі сұңқарым тұяғымен тиген жерін жаралайды, оларды маңайын майып қылмай, өзгелерге көмектесуге көндірем.
Екі сұңқарым- екі қолым.
Қос қояным секектеп, бір тынбайды. Тығылады, қорқады, соларды тыныштандырып, қиындықтан қорықпауға, қашпауға баулимын. Олар — екі аяғым.
Ең қиыны- жыланым. Торға тығып қойсам да, жалт етсем, уын шашып, өзгені шағып алуға дап-дайын тұрады. Сондықтан оны бес уақыт бақылауда ұстаймын. Ол-тілім.
Есектің мәңгі мойны жұмысқа жар бермейтін жалқау, шаршау, қырсық екенін білесің. Ол-тәнім.
Соңғысы, арыстанымды тұқыртпасам, әлемге әмірін жүргізіп, патшалық құрып, баршаны басқарғысы келеді. Ол -НӘПСІМ…
Көріп тұрғаныңдай, «менің жалғыз қап, жалығатын сынық сәтім жоқ, жарқыным» деген екен…
https://www.facebook.com/