Думанға толы Наурыз мерекесі Орталық алаңда бастау алды. Алаңға жиналған халықтың қарасы мол болды. Қасиетті Рамазан айында тұспа-тұс келген мерекеде самала жел есіп тұрды.
Орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күні салт — дәстүр сабақтастығымен жалғасты. Аудан басшысы Сәкен Мамытов бастаған топ ұлттық ойындар мен салт — дәстүрге қатысты көріністі тамашалады.
Шарада мекеме, бөлім қызметкерлері мен ауылдық округтер «Көрісу», «Қымыз мұрындық», «Ұршық фест», «Бауырсақ фест», «Балаларға базарлық» қойылымдарын ұсынып, дәстүріміз қайта жаңғырды.