Нашар күйеу…
Ұлы физик Альберт Эйнштейн құдайдың берген сиының қадірін түсінбегендей. Өз əйеліне үй күтушісіндей қараған ол, тіпті өз зайыбының міндеттері туралы қатаң манифест жазуға ғылыми жұмысы мен ойнасқа баруының арасында уақыт тапқан. Ерлі-зайыптылар арасы суып бара жатқанда, ең құрыса, күйзеліп жүрген балалары үшін де, əйелінің ықыласын түзету үшін тұяқ ұшын да қимылдатпаған.
Бірге сүріп жатқандарына 11 жылдан аса бергенде, Эйнштейннің əйелі Милева Марич күйеуінен бірнеше баптан тұратын талап ету манифесін жазбаша түрде алған.
Бұл «құжат» бойынша, ғалымның зайыбы оның ішкі, сыртқы киімдерін таза ұстауы тиіс. Альбертті күніне үш рет тамақтандырып отыруы керек екен. Сол сияқты, əйелдің міндетіне балаларының көзінше күйеуін не сөзбен, не іс-қимылмен дəрежесін төмендетпеуі кіреді.
Сырт көзге мұның бəрі əр отбасында ұсталатын алғышарттар сияқты көрінгенмен, «құжаттың» басқа бөліміндегі талаптар тіпті сорақы! Төсек қатнасына Милеваға вето қойылды. Жəне мұны əйелі Альберттің бетіне баспауы керек. Бұдан былай күйеуінің əйелінің жанында үйде отыруы шарт емес, ол қызметінен тыс уақытта əйелінсіз қыдыруды, саяхатқа кетуді өзінің басты құқығы санайды. Үйдің басты адамы, иесі кім деген сұрақ туындамау керек! Қожайын, əрине, Альберттің өзі.
«Мен сізге аузыңызды жабыңыз десем, сіз сөйлеуіңізді сол сəтте қоюыңыз керек», «Мен сізге кабинеттен шығыңыз дегенде, қарсылық білдірмей шығып кетуіңіз керек» деген жазбаша талаптардан соң мұндай отбасының болашағы қандай болмақ?
Милева мен Альберт ақыры ажырасып тынды. Ұлы физиктің балалары əкесіз өсті…