National Geographic фотографтары Елорда күніне сыйлық жасады
Фото George Steinmetz, Александр Куприенко
National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының суреттерімен арнайы фотокөрме ұйымдастырды. Жақында көрме онлайн режимде қолжетімді болады – сіз әлемнің кез келген нүктесінен Қазақстан астанасының суреттерін көре аласыз. Кадрларда елорданың шынайы өмірі бейнеленген: аязды қыс суреттері ыстық жаз күндерін алмастырып, қаланың көрікті жерлері, күнделікті өмірі, маңызды ойындар кезіндегі жанкүйерлер және т.б. Интернеттегі фотокөрме National Geographic фотографтарының объективі арқылы астананы бүкіл әлемге көрсетеді. Атап айтқанда, әлемге әйгілі National Geographic фотографы Джордж Штайнматцтың фотосуреттері ұсынылған (George Steinmetz). Галереяда қазақстандық авторлардың фотосуреттері де бар.