Нәтижелі еңбекке – жоғары марапат

Оралда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауына дайындық науқанына атсалысқан бір топ азаматқа ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты тапсырылды.

Марапатты иеленгендер қатарында саяси науқан кезінде тынбай еңбектеніп, «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуіне өз үлестерін қосқан қалалық мәслихаттың VII шақырылымдағы депутаттары мен олардың сенімді өкілдері, байқаушылар, партияның сайлауалды штабының мүшелері бар.

Елбасының алғыс хатын иелеріне табыстаған жетекші партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев пен қалалық штаб жетекшісі Кенесары Нұршинов сайлауалды жұмыстарға белсене атсалысқан жерлестеріміздің еңбегін және бірлескен күштің арқасында ортақ жеңіске қол жеткенін атап өтті.

 

 

Депутаттық мандатқа ие болып, қалалық мәслихаттың жаңа құрамына енген М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектебінің директоры Азима Ғұбашева да партияластарымен бірге Тұңғыш Президенттің алғыс хатын иеленді. – Пандемия кезінде ерекше жағдайда ұйымдастырылған сайлауда халықтың қолдауына ие болу – алдағы бес жылда атқарылар жұмыстың бастамасы деп білемін. Партияның жеңісі – біріккен жұмыстың нәтижесі. Енді партияның сайлауалды бағдарламасы толық жүзеге асқан күнге жетейік, – деді Азима Зиннатқызы.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы