Наурызда тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек.
Наурызда киіз үйлерде тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аппарат мәжілісінде осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Өңір басшысы қатысқан жиында наурыз мерекелерінің мән-маңызы, Сыр елінде қалай тойланатыны туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев баяндап берді.
Көктем мерекелері кезінде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жоспарланып отыр.
«Бастықтарға арнап дастарқан жайып, олар келгенде ғана киіз үйдің есігін ашатын әдеттен арылу керек. Наурыз көжеден кез келген адам дәм тата алатын жағдай жасалуы керек. Ас-ауқат фуршет үлгісінде дайындалып, дастарқан бәріне бірдей жайылуы тиіс», — деді облыс әкімі.