Не болып жатыр елімде?
Қазақ тарихында неше түрлі уақиғалар болып, мың өліп, мың тіріліп, осы кезеңге жеттік. Талай ғалымдар тарих бетінде ұлтымыздың болашағы туралы көлемді мақала-кеңестерін ашық жазып, кейбір арам қылықтардан аулақ болуға шақырады. Бірақ газет арқылы жадына сақтап жатқан жастар түгілі, үлкендеріміздің алды мүлдем жоқ десе болады. Осы орайда «ЕлАна» қоғамдық қорының төрайымы Сәуле Мешітбайқызының мақаласы қазақтың ұл мен қызына айтарлықтай ақыл-кеңес береді. Біздің қыздарымыздың ар-ұяттан безгендігін, тәлім-тәрбие көрмегендіктігінен болар. Осы орайда бір өзекті әңгіме ойға келіп тұр. Алла жаратқан иемнің алдында жер үстіндегі мың күндік іс, Алла алдында бір күн болып есептелген. Адам баласының екі иығында екі періште, Шариғат періште, Хасырет періште біздің іс-қимылымызды бақылап, амал дәптерімізге тіркеп отырады. Ақ болса ақ, жаман болса жаман деп, яғни бұл дәптер Алла алдындағы есеп беру кітапшасы.
Бір күні Шапағат періште жылап Алла иемізге: «жер бетіндегі адамдар ар-ұяты жоқ, ақыл жоқ жыртқыштарға жем болып жатыр», — деп мұңын айтып жылап жіберіпті. Көзінен аққан жастың бір тамшысы, Алла алдындағы гауһар гүлінің жапырағына түсіп көркем жас гүлді тесіп жерге түскен. Алла «не болды?» — деп періштесін сұрақ астына алған. «Адамдарда ар-ұят жоқ. Сондықтан жер бетіндегі адамдарға ар-ұят беру керек», — деп жауап берген. Сонда Хасырет періште оларға: «ар-ұяттың қажеті жоқ», — деп Шапағат періштеге қарсы шығып, Алладан ар-ұят бермеуді өтінген. Бірақ Алла тағала үш қайта ар-ұятты Шапағат періштеге беріп, жер үстіндегі адамдарға таратуды бұйырады. Сонда Хасырет періште үш дорбамен үш уыс ақылды ұрлап алып қалады. Ар-ұятты жер бетіндегі адамдарға таратқанда ең бірінші ар-ұят он үш жасар қыз балаға бұйырады. Тарату аяқтала келе 3-4 адамға бір ар-ұяттан келеді. «Қыз жолы жіңішке» деген сөз осыдан қалған деседі. Енді кейбір адамның ар-ұяты жоқ екен деп айтуымыз да, жетпей қалған ар-ұяттар шығар деп ойлайды халық. Күндер, жылдар өтіп адамдар жер бетінде жүріп жатқанымен жыртқыштардан қорғануды білмейді. Содан кейін Шапағат періште Алладан адам баласына ақыл беруді сұрайды. Тағы да үш дорба ақыл беріп, жер бетіндегі адамдарға таратуды тапсырады, ал Хасырет періште үш тағы да уыс ақылды ұрлап алып қалады. Ең бірінші ақыл 13-14 жастағы жас жігітке беріледі. «Ақыл жастан» деген қағида осыдан болар. Соңғы адамдарға ақыл 3-4 адамға біреуден болды. Жігіттердің ақылы аз екен деген сөз осының дәлелі болмақ. Бұл ақылдың мазмұны ақылдың ар-ұятты сақтай білген адамдар Алланың құлы. Орынсыз ақыл ар-ұяттың табынуға басып өзін ғана емес көпшілікті және қоғамды ар-ұяттан жұрдай қылды емес пе?
Министр мырза! Сәуле ханымның бұл мақаласы бүкіл қазақ қауымын ойландырады және тура шешім қабылдау керектігін дәлелдейді. Айта беріп не керек сен де, мен де сол кішкентайдан адам болдық емес пе?
Әрбірден соң Сәуле ханым, басында адами тұрғыдан қарағанда барлығымыз сондай шарттарда өсіп-өндік. Жастарға түсік жасату қылмыс, яғни, Заңмен жаза беру орынды болар. Осындай үлкен мәселе тек қазақ елінде ғана болып отыр ғой. Сәби дүние есігін ашуға, өмірге келуге құқылы, ол да Алланың құлы болмақ. Бірақ шариғат жолынан таймай Алла деп дем алып, Алла деп адал іс атқарсақ. Әрине ата-ана өз баласын тәрбиелеуде көп қателік жіберіп отырғаны байқалады. «Қызға қырық үйден тию» деген қағида дұрыс. Қазіргі кезде не көп ресторан, кафе көп, ішімдік, би осындай жын ойнақ бар жерде қыз бала өзін байсалды ұстау қажет-ақ. Бірақ, өкінішке орай, олай болмай тұр. Ата-ана болар іс болғаннан кейін көршілерден, елден ұялып баласын үйге жолатпай өзінше намыстанады. Менімше болар іс болды ма, қыз балаға ақылыңызды айтып, ішке тартып оған жанашырлық жасаған дұрыс. Мүмкін содан кейін ол өз теңін тауып кетер. Мұндай мысалдар көп. Тәрбие берген ата-ана да өздері қызына, ұлына үлгі болатындай өмір сүруі тиіс.
Сәуле Мешітбайқызының намысы кейбір ер азаматтардан артық болып отыр. Бұл қарындасыма бүкіл қоғамның мәселесін көтеріп, үлкен аренаға шығарды. Сол үшін жасай бер қарағым, сен кешегі ел қорғаған батырлар сияқты ердің, елдің намысын қорғауға үлкен мәселе көтердің.
Қорыта айтқанда ел болайық, шашыраңды болсақ бізді жан-жақтан талайды. Ол үшін намысты, иманды болып, берік іс елімнің адал ұл-қызы екенімізді адал іспен дәлелдейік. Министр де қателеседі, оған қоғам болып көмектесейік, дұрыс жолға салайық. Жасанды түсік, мүшеқап дегендерден аулақ болайық!
Дәуренбек Галимов