НЕКЕ БЕРІК БОЛУ ҮШІН ҚАЖЕТ 6 КЕҢЕС
Қазірге кезде отау құрған көптеген шаңырақтың ортасы түсіп жатқаны анық. Мәселен, 2015 жылы 148 769 неке тіркелсе, 2014 жылы 159 328, 2013 жылы – 168 417, 2012 жылы – 164 681 тіркеуге алынған. Ал ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды: 2015 жылы – 53 293, 2014 жылы – 52 673, 2013 жылы – 51 482, 2012 жылы – 48 513 ажырасу дерегі тіркелген.
Осы орайда, некені берік етіп, өздерінің бақытты болулары үшін нені білу керегін айта кетейік:
- Тым талапшыл болудан аулақ болыңыздар.
- Қандай мәселе болмасы, ортаға салып, ақылдасуды ұмытпаңыздар.
- Бір-бірлеріңізді бағалап, құрметтеп жүріңіздер. Құрмет қашан да қырға шығарған.
- Жанұядағы ортақ сырды жаюдан сақтаныңыз.
- Салыстырудан аулақ болыңыздар. Салыстырғаннан ешқандай пайда ұтпайсыздар.
- Махаббат пен сыйластықты қатар ұстаңыздар.