Некелесер алдында қойылған сұрақ жігітті састырды
— Мен сіздің қызыңыз үшін кез-келген мөлшерде мәһр бере аламын. Менде жеке баспанам, көлігім бар, жалпы жағдайым жасалған. Егер рұқсат берсеңіз, сіздің қызыңызға үйленгім келеді. Мен оған ханшайымдай қарауға уәде етемін,-дейді. Қыздың әкесі:
— Мен саған қызым үшін зәулім сарай мен дәулет бер деп міндеттемеймін. Тек саған бір ғана сұрақ қоямын. Соған шынайы әрі дұрыс жауап берсең, мен қызымды ұзатуға дайынмын,-дейді. Жігіт қуана әкейдің шыртына келіседі. Сонда әкесі жігіттің көзіне тік қарап:
— Қай уақытта фажр (таңғы намаз) намазының азаны айтылады?,-деп сұрайды. Жігіттің беті қызарып, ары-бері ойланып:
— Сағат 4-те, а, жоқ, 3-те болуы керек. Шынымды айтсам білмейді екенмін,-дейді басы салбырап. Қыздың әкесі:
— Тыңда балам, мен үшін сенің дәулетің, мал-мүлкің, қоғамдағы орның қажет емес. Тек Алладан шынайы қорықатын адам ғана біреуге зиянын тигізуден қорққады. Сол үшін бойында дәулеті емес, намазы бар, игі іске жақын адам ғана менің қызымды жақсылыққа жетелеп шынайы бақытты ете алады,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы