Некелесудегі ниет не әкеледі?

Алла Елшісі(с.ғ.с) некелесудегі ниеттер туралы былай деген екен:

1.Алла Тағала, атақ-абыройы үшін некеленгеннің төмендеуін арттырады.

2.Малы (дүниесі) үшін үйленгеннің жоқшылығын арттырады.

3.Тегі үшін некеленгеннің қор болуын арттырады (қорлыққа ұшыратады).

4. Ал, егер біреу көзін бөгдеден қорғау үшін, өзін (зинадан) сақтау үшін, сондай-ақ жекжат болу үшін (жақындықты нығайту үшін) некеленсе, Алла ол еркекті бұл әйел арқылы, әйелді бұл еркек арқылы бақтияр етеді (бақытты етеді).»

(Әнастан р.а. Тирмизи)