Некеңіз берік болуы үшін…
Қазірге кезде отау құрған көптеген шаңырақ ортасына түсіп жатқаны бәрімізге анық. Мәселен:
2015 жылы 148 769 неке тіркелсе,
2014 жылы 159 328,
2013 жылы – 168 417,
2012 жылы – 164 681 тіркеуге алынған.
Ал ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды:
2015 жылы – 53 293,
2014 жылы – 52 673,
2013 жылы – 51 482,
2012 жылы – 48 513 ажырасу дерегі тіркелген.
Осы орайда, некені берік етіп, өздерінің бақытты болулары үшін нені білу керегін айта кетейік:
- Тым талапшыл болудан аулақ болыңыздар.
- Қандай мәселе болмасы, ортаға салып, ақылдасуды ұмытпаңыздар.
- Бір-бірлеріңізді бағалап, құрметтеп жүріңіздер. Құрмет қашан да қырға шығарған.
- Жанұядағы ортақ сырды жаюдан сақтаныңыз.
- Салыстырудан аулақ болыңыздар. Салыстырғаннан ешқандай пайда ұтпайсыздар.
- Махаббат пен сыйластықты қатар ұстаңыздар.