НЕЛІКТЕН АУЫЗАШАР СУЫ ЕРЕКШЕ ТӘТТІ?

Əлхисса, пайғамбар заманында, Жебірейіл (ғ.с.) періште Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды ертіп алып, Аллаға қонаққа бару үшін миғражға ұшыпты. Олар 4-ші қатқа жеткенде пейіште бір бұлақ ағып жатыр екен. Жебірейіл (ғ.с.) бұлақтан бір кесе су алып, пайғамбарға береді. Ол суды ішеді де дəміне елтіп, рахаттан мас боп талып қалады. Пайғамбар (с.ғ.с.) есін жинап:- Бұл не су?-дейді.
— Бұл кəусар бұлағы. Қалай, ұнады ма? -деді Жебірейіл (ғ.с)
— Дəмі ғажап екен. Бейне бір бал қосып қойғандай.
-Бұл бұлақ саған арналады, Мұхаммед!
— Кейінгі үмбетім де бұл бұлақтан су іше ме?
-Жоқ. Ішпейді. Бұл саған ғана арналған, Мұхаммед.Сенен басқа жан баласы Кəусардан дəм тата алмайды. Тағы да су ішесің бе?
— Жоқ. Егер үмбетім ішпесе мен де енді бұл бұлақтан су ішпеймін. Жалғыз өзім ұялмай қалайша іше берем?! Менің Тəңірге айтар арызым бар. Үмбеттерім де Кəусардан су ішсінші,-деді пайғамбар. Сол кезде Тəңірі тіл қатты:
— Достым Мұхаммед,  дегенің болсын! Бірақ бір шартым бар. Үмбетің ораза ұстағанда ауыз ашатын суын алдын ала дайындап қойсын. Періштелер Кәусар бұлақтағы судан бəріне бір-бір тамшыдан тамызып шығады,-деді. Пайғамбар келісті. Содан бастап ораза ұстаушылар суды алдын ала дайын қылатын болды. Періште күн батардан алдын оларға Кəусар суынан тамызып шығады екен. Сол себепті ауыз ашатын жəй ғана қара су бал татитын ерекше дəмді болады. (Сияр шәріп)

Elana.kz