Нобель сыйлығы туралы біле жүріңіз
Белорусияда тұратын халық саны Қазақстаннан да аз. Алайда 2015 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының белорус жазушысы Светлана Алексиевичке бұйырғаны белгілі. Дегенмен, Нобель сыйлығын алған атақты тұлғалардың ішінде осы елде туып-өскен Алексиевичтен басқа да адамдар аз емес екен. Белорусияда туып 21 жасында АҚШ –қа қоныс аударған Саймон Кузнец 1971 жылы экономика саласындағы жаңалықтары үшін Нобель сыйлығын иеленіпті. Ол тұңғыш рет ғылыми айналымға «ұлттық жалпы өнім» терминін енгізіп, адам капиталының рөлін түсіндірді. Витебскте туып-өскен Ресей ғылым академиясының академигі Жорес Алферов 2000 жылы әлемге әйгілі марапатты иеленді. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алғандардың ішінде де Белорусияда туған азаматтар бар. Олардың бірі – Брестте туған Израил мемлекетінің премьер-министрі Менахем Бегин, екіншісі – Воложинск ауданында туып-өскен Шимон Перес. Физика саласынан Нобель сыйлығын алған Ричард Фейнман мен Илья Пригожиндер де Белорусияда туған азаматтар болып шықты.
Амангелді Кеңшіліктің фб парақшасынан