Non-Food Asia Expo 2024: азық-түлік емес өнімдердегі инновациялар мен трендтер
Алматыда сауда және интеграция министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен ұйымдастырылған Non-Food Asia Expo тұтыну тауарларының үшінші халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде сауда желілері мен онлайн-саудаға бағытталған тұтынушыларға арналған тауарлар бар. Экспозицияға әлемнің 20 елінен 200-ге жуық компания қатысты.
Non-Food Asia Expo өзін отандық және шетелдік өндірушілер мен ірі бөлшек саудагерлер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің маркетплейстері арасындағы байланысты нығайту үшін тиімді платформа ретінде көрсетті. Көрменің басты мақсаты — өткізу нарықтарын кеңейту, сату көлемін ұлғайту және жаңа тапсырыс берушілерді тарту. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижановтың пікірінше, көрме экспорт пен ішкі тауар айналымының өсуі аясында өтті.
Көрменің ашылуына қатысқан «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов мұндай халықаралық көрмелер кәсіпкерлерге бетпе бет кездесіп, өнімді көрсетіп, уағдаластықтарға қол жеткізуге ауөымды мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтті. Көрме барысында қатысушылар жетекші өндірушілер мен дистрибьюторлардың 300-ден астам брендтерімен таныса алады. Өнімдер косметика мен тұрмыстық химиядан бастап ойыншықтар мен үй бұйымдарына дейінгі барлық салаларды қамтиды. Көрмеге қатысушылар 20 елден тұрды.
Көрме аясында панельдық сессиялар өтуде. Онда шақырылған спикерлер экспортты дамыту және ілгерілету, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, инвестициялық ахуал және т. б. туралы ақпарат берді.
Алматы еліміздегі ең ірі сауда торабы бола отырып, бизнестің жұмысын оңтайландыруға арналған заманауи алаңдары және халықаралық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Мысалы, Алматының индустриялық аймағында 473 млрд. теңге сомасына жалпы инвестициясы бар 92 Компания жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар 11 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік парктер мен «ПИТ» АЭА да белсенді дамып, резиденттерге жеңілдік шарттарын ұсынды.
Сондай-ақ, спикерлер онлайн саудадағы артықшылықтар мен кемшіліктер туралы айтты.
Тұрсынқожа Гауһар