«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Мәжілісте кеңес мүшелерімен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Оспанов, қоғамдық бірлестіктің басшылары, қалалық партия филиалының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021 жылы орындалуы, 2022 жылға қаржыландыру және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Қуанышбеков пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Б.Нарбекованың баяндамалары тыңдалды.
«Nur Otan» партиясының басты құндылығы — азаматтардың денсаулығы мен лайықты өмір сүруін қалыптастыру. Сонымен қатар, тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша маңызды мәселелерді талқылап, шешілуіне ықпал жасау — басты міндетіміз.
Партия филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңес алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында құрылып, нәтижелі жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі күнге дейін республикалық Қоғамдық Кеңестің 4 отырысы, аймақтық кеңестің 10 отырысы өткізілді. Қазіргі таңда кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша 25 мәселе қаралып, 2 резонанстық жағдайға көшпелі отырыстар ұйымдастырылып, 68 ұсыныс пен қаулылар қабылданды.
Тиісті басқармаларға жолданып, дер кезінде шешілді. Отырыстарда жүйелі түрде Жол картасындағы әлеуметтік саласына тиісті 11 бағыты туралы мәлелелер талқыланып, өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 100 пайызға орындалды.