Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалайды
Азаматтар 109 нөмірімен шағымдана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды. «Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында