«Нұр-Сұлтан қаласына қосымша 300 мың маска және медициналық қолғаптар әкелінді» — әкімдік
Нұр-Сұлтан қаласының дәріханаларына қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска мен қолғаптар әкелінді. Қала әкімдігі «Фармация» СҚ-мен бірлесіп, жүйелі негізде маскалар мен басқа да медициналық қорғаныс құралдарын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерге 500 мың медициналық маска берді. 23-29 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанға 1 млн-нан астам медициналық масқа әкелінді. Қала емханаларына онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан қарттар үшін 300 мың маска берілді. Сонымен қатар, «Біргеміз!» акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. Тағы 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді. «Магнум» желісінің үш ірі супермаркетінде келушілер үшін медициналық маскалар беру пункттері ұйымдастырылды. Елордада медициналық маска тігу өндірісі жолға қойылған. Компания медициналық мекемелерге 350 мың маска жіберді. Сонымен бірге маскалар дәріханалар желісіне жеткізіледі. Дәріханалар әр адамға тек 5 бетпердеден сатады. Маска сатып алуға болатын мекен-жайлар: Тұран даңғылы, 37; Достық, 18; Сарыарқа даңғылы, 3; Қонаев, 14/2; Ахмет Байтұрсынов, 3; Қабанбай батыр даңғылы, 21; дәріхана № 90, Момышұлы даңғылы, 16 ; Тәуелсіздік даңғылы, 21/4; Шаймерден Қосшығұлұлы, 3/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 19; Сарайшық, 5; Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23/1; Жансүгіров, 8/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 53; Мәңгілік Ел даңғылы, 35; Ұлы Дала даңғылы, 6/1; Бараев даңғылы, 21; Сауран, 3/1; дәріхана №276, Рысқұлбеков 16/3; Кенесары, 47; Иманбаева, 8; Жанайдар Жирентаев, 2; дәріхана №280, Мәлік Ғабдуллин, 16; Сығанақ, 15; Иманова, 50; дәріхана №62 ПТ, Алаш тас жолы, 23/1; Тұран даңғылы, 55д; Тәуелсіздік, 32
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі