Нұр-Сұлтан қаласында ПТР-тестілеулерді өткізу бойынша зертханалардың жұмысы туралы ақпарат

 

Құрметті қала тұрғындары!

1. Ағымдағы жылдың 27 шілдесіне қалада 10070 КВИ оқиғасы тіркелді, оның ішінде:

— 6766 жағдайда (67%) сауығу нәтижесімен жазылған;

— 966 адам қаланың жұқпалы аурулар стационарларында жатыр;

Карантин кезеңінде а.ж. 5 шілдесінен бастап инфекциялық және провизорлық стационарларда емделіп жатқан пациенттердің саны 48% — ға (3357-ден 1758 адамға дейін) азайды, сәйкесінше төсек қорының жүктелуі 90% — дан 45% — ға дейін азайды, бос төсек-орын саны 369-дан 2000-нан астам төсек-орынға дейін артты.

Пневмониямен стационарлық емделуде жүрген пациенттердің саны 44% — ға (1333-тен 746-ға дейін) азайды.

Жедел медициналық жәрдем станциясына жүгіну саны 53% — ға (тәулігіне 3410-нан 1608-ге дейін), шақырулар 56% — ға (тәулігіне 2368-ден 1039-ға дейін), КВИ бойынша шақырулар саны бес есе тәулігіне 350-ден 73-ке дейін азайды.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны анықтау үшін ПТР-тестілеуді 9 зертхана жүргізеді, оның ішінде 7 мемлекеттік, 2 жеке зертхана, жалпы қуаттылығы 5,5 мың зерттеу.

Пандемия кезінде 284 мың ПТР тест жүргізілді.

Соңғы үш апта ішінде зертханаларда тәулігіне орташа 2500 тест өткізіледі, бұл маусым айына қарағанда 30%-ға төмен (саны 3500).

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына сәйкес ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу медициналық ұйымның немесе тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі.

ПТР әдісімен тестілеуге:

— COVID — 19 бар провизорлық және инфекциялық стационарларға жатқызылған адамдар;

— ЖРВИ және пневмония аурулары;

— стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;

— COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар 7 күнге;

— клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емделуде және БМСК медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар;

— клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті және жаңа туған нәрестелер;

— гемодиализдегі пациенттер;

— қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуде, айыпталушылар, сотталғандар));

-медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде бір рет;

— эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес.

— ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөткелдер мен темір жолдағы мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар

— шетелден авиарейстермен келетін тұлғалар;

-тыныс алу белгілері мен COVID-19-ға ұқсас басқа да белгілері бар медицина қызметкерлері.

Қаланың барлық емханаларында провизорлық бөлімшелер ұйымдастырылған, онда ЖРВИ және пневмония клиникасы бар пациенттерге жағынды алу жүргізіледі. Сондай-ақ, мобильді бригадалар құрылды, олар үйде симптомсыз вирус тасымалдаушылардан, сондай-ақ COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған адамдардан материал алады.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында ПТР тест тапсыру проблемалары жоқ.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі қосымша зертханалық құрал-жабдықтарды сатып алу есебінен елорда тұрғындары үшін тестілік зерттеу санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекция симптомдары, эпидемиологиялық анамнез болмаған жағдайда ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ екенін атап өту қажет.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Тағы да естеріңізге сала кетейік, маскалық тәртіп пен әлеуметтік қашықтықты сақтау, аумақтық емханаға симптомдар пайда болған кезде көпшілік іс-шараларға қатыспау қажет.