Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін нүктелер белгілі болды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті қайдан алуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
«Басқарма қаладағы дәріханаларда медициналық маскалар, тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер мен антисептиктердің болуын жіті бақылауда ұстауда. Қадағалау нәтижелері басқарманың Facebook парақшасында үнемі жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен маскаларды келесі ұймдардан ала аласыздар.Олар «Іңкәр» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, «Науза Адель» ЖШС, «Саламат», «Еурофарма», «Альфамед»,- деді З. Исаков. Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған, шұғыл ауруханаға жатызылуы тиіс адамдарды анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. » Жақын байланыс туралы мәлімет беруді бұлтарту бойынша 1 дерек тіркеліп, материал қалалық полиция басқармасына жіберілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды»,-деп түйіндеді З. Исаков.