Нұр-Сұлтанда «Ата заң: «Жеті жарғыдан» Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Онлайн басқосу барысында қатысушылар 25 жыл ішінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Ата заң: «Жеті жарғыдан» Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі құқықтанушылар, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ басшылары, белсенді жастар қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен өз сөзінде негізгі заң Қазақстан халқына таңдау құқығын бергендігі екенін атап өтті.

«Кеше Мемлекет басшысы атап өткендей, Конституция біздің тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін жасады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды. Бұл құжатта елдің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, заңның үстемдігі және демократия принциптері шоғырландырылды.

 

 

Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертті, оны экономикалық тұрғыдан қуатты және саяси тұрақты мемлекетке, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.

Қазақстанның астанасы біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін бейнелейді, елдің қуатын және оны одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетеді», – Бақтияр Мәкен.

Онлайн-кездесу барысында көрнекті қайраткерлер еліміздің Конституциясында 25 жыл ішінде жасалған негізгі өзгерістер туралы айтты.

«Ата заңды әзірлеу барысында әлемдегі көп елдің конституциялары зерттелді, бірақ біздің ел Конституциясының негізі ретінде Франция Конституциясы алынды. Францияда күшті президенттік билік бар, бірақ ешкім ол жерде демократия жоқ деп айта алмайды. (…) Ата заң догма емес, оның мазмұны адекватты әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға сәйкес өзгереді. Қолданыстағы Конституция қабылданғаннан бері өткен уақыт ішінде оған бес рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді», – деп түсіндірді ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі Рахмет Мұқашев.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, еліміздің бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов ата заңның қазіргі құндылықтары туралы айтты.

«Қазір Қазақстанның өз заңды шекарасы бар. Шекарасыз тәуелсіздік болмайды. Біздің елдің территориясында орналасқан ядролық қарудың арсеналынан өз еркімен бас тарту мемлекет экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Өзінің сыртқы саясатының қалыптасуы Қазақстанның әлемдік аренада жалпыға танылған ойыншыға айналуына мүмкіндік берді», – деп атап өтті Төлеутай Сүлейменов.

Қатысушылар сонымен бірге Конституция барлық заңдардың негізін қалайтын саяси және құқықтық жүйенің өзегіне айналғанын атап өтті. Ата заңның арқасында қазіргі заманғы құқықтық мемлекет қалыптасты. Ел бірлігі әрқашан басты назарда болуы тиіс.