Нұр-Сұлтанда аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүруде

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің аулаларды абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту бойынша ауқымды жобасы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаз бойы елорданың барлық аудандарында 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылады, оның ішінде Байқоңыр ауданында – 70, Сарыарқа – 40, Алматы– 33, Есіл – 20.

 

 

Аталған жұмыстар тұрғындардың тілектерін ескере отырып, «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Осылайша, қала тұрғындары қай ауданды абаттандыру керегін және қандай алаңдарды орнату керегін өздері анықтайды. Әсіресе, футбол, баскетбол алаңдары, сырғанақ, әткеншектер, тренажерлер, орындықтар, шағын сәулет нысандары бар жаңа аулалардың орнатылғанына балалар аса қуанышты. «Жаңа аула үшін рахмет!» – дейді балалар. «Бұрын мұнда тек құм болса, қазір көгал бар. Балалар тіпті алаңға шықпас бұрын аяқ киімін шешетін болды. Футбол алаңының периметрі бойынша торлар орнатылды, енді көліктер кедергі болмайды», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

 

 

Ал тренажерларды тек балалар ғана емес, сонымен қатар спортпен шұғылданатын және салауатты өмір салтын ұстанатын зейнеткерлер де қажет деп санайды. «Мұнда біз таңертең және кешке дене шынықтырумен айналыса аламыз, денсаулықты нығайта аламыз», – дейді зейнеткер. Хабарланғандай, жақында Сейфуллин көшесінде бұзылған екі үйдің орнында жайлы демалыс орны пайда болды: мұнда асфальт төселіп, балалар алаңдары, орындықтар орнатылды. Жарықтандырылып, газон, тас төсеуіш төселді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аула аумақтарын абаттандыруға, көріктендіруге, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде.