Нұр-Сұлтанда дін саласындағы сұрақтар бойынша «Сенім телефоны» іске қосылды

 

Қала тұрғындары орталықтандырылған, тегін 109 нөмірі арқылы дін саласына қатысты сұрақтар мен ұсыныстарын айтып, елорданың діни бірлестіктері мен діни ғимараттары, діни мерекелер туралы ақпарат ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сонымен қатар қажет болған жағдайда сенім телефоны арқылы жоғары дәрежедегі теолог, дінтанушы және психолог мамандардың көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ 109 нөміріне бойынша дін саласы бойынша құқықбұзушылық фактілері және т.б. сұрақтармен хабарласуға болады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы барлық байланыс орталықтарын біріктіріп, қала тұрғындарына ақпаратты жедел жеткізетін бірден-бір орталық.