Нұр-Сұлтанда дүкендер, мейрамханалар мен жалға беру кеңселері карантин кезінде жұмыс істеген
5 шілдеден бастап елордада 722 бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Тексеру кезінде 11 тамыз күні түнде Ерімбетов көшесінде «Шашлык» және «Белый дом» кафелері жұмыс істеген. Карантин шараларына қарамастан, мекемелер келушілерді қабылдаған.
Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған мобильді топ келген кезде мекемеде 11 клиент болды.
Сондай-ақ Балқантау көшесіндегі «Кентау», Сарыарқа даңғылындағы «Асқар» дүкендерінің түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бас санитарлық дәрігердің шешімін бұзғаны анықталды.
Сонымен қатар, күндізгі тексеру кезінде Достық көшесіндегі «Карима» мейрамханасында келушілер әлеумеььік қашықтық сақтамағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жалға алушылардан балалар автокөліктерін жалдауға және елордалық саябақтардың бірінде балмұздақ сатуға қатысты бұзушылықтар анықталды.
«Барлық бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 заң бұзушылық тіркелді, олардың 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады