Нұр-Сұлтанда құқықтық кеңес беретін «Сенім» онлайн қызметі іске қосылды
Қызметтің жаңа түрі тұғындарға құқықтық кеңестерді онлайн режимде алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталмыш жоба қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Сенім» бірыңғай қызметінің мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін кеңейту, олардың қоғамдық ұйымдарға деген сенімін нығайту. «Алғашқы кезеңдегі жобаның пилоттық нұсқасында құқықтық кеңестер 14 адамға ұсынылған болатын. Хабарласқан азаматтардың барлығы өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүдделі екендігін айтты», – дейді қорғаушы заңгер Әсел Молдағалиева. Ол консультациялық қызметтің еліміздегі төтенше жағдай режимінде тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал екендігін атап өтті. Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордадағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырып жатыр. Байланыс телефоны: + 7 7172 64 34 78, 8 771 996 09 27, 8 702 172 6139
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі